Эльхан Астанов – маусым айының үздік ойыншысы

Эльхан Астанов – маусым айының үздік ойыншысы

Қазақстан кәсіби футбол лигасы 2022 жылғы маусымның үздік футболшысын анықтау мақсатымен Қазақстан Чемпионаты командаларының бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі түрде сауалнама өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚКФЛ-на сілтеме жасап.

Респонденттердің әрқайсысы үздік үштікті таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 3 балл – бірінші орын үшін, 2 балл – екінші орын үшін, 1 балл – үшінші орын үшін. Нәтижесінде барлық ұпайлар қосылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша, маусым айының үздік футболшысы атағы «Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астановқа бұйырды. Маусым айындағы үш ойында оның командасы 9 ұпай жинаса, 22 жастағы жартылай қорғаушы 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді. Эльхан 39 ұпай жинады.

Екінші орынды «Ақтөбе» шабуылшысы Уго Видемонт иеленді, франциялық легионер 32 ұпай жинады. Уго маусым айында «Астана» мен «Атырауға» қарсы екі ойынға қатысып, гол мен нәтижелі паспен көзге түсті.

Үздік үштікті «Астана» ФК жартылай қорғаушысы Марин Томасов түйіндеді.

Кім кімге дауыс берді:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или