«Арсенал» мен «Манчестер Сити» Зинченконың трансфері туралы келісімге келді

«Арсенал» мен «Манчестер Сити» Зинченконың трансфері туралы келісімге келді

«Арсенал» мен «Манчестер Сити» Александр Зинченконың трансфері туралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, клубтар украиналық ойыншыны шамамен 30 миллион фунт стерлингке ауысу туралы ауызша келісімге келді.

«Арсенал» 25 жастағы ойыншымен келісімшарт талаптарын талқылап жатыр.

Ұлттық құрама сапында Зинченко көбінесе жартылай қорғаныста ойнайды, бірақ «Манчестер Ситиде» ол әдетте сол қапталдағы қорғаушы болып өнер көрсетеді.

Өткен маусымда Зинченко «Ман Сити» сапында 28 матч өткізіп, 6 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или