Пикущак «Ақжайықты» басқарады

Пикущак «Ақжайықты» басқарады

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, молдовалық маман Игорь Пикущак оралдық команданы басқаруға жақын.

39 жастағы Пикущак «Шериф» және «Краснодар», сондай-ақ Молдова мен Ресейдің бірқатар клубтарында өнер көрсеткен.

Игорь Александрович 2017 жылдан бері бапкерлік қызмет атқарады, оның кейінгі клубы Ресейдің Бірінші лигасында ойнатын тольятталық «Актон» болды. Пикусчак ол клубтан 2021 жылдың желтоқсанында кеткен.

Еске салайық, жақында Владимир Мазяр отставкаға кеткен соң «Ақжайық» бас бапкерсіз қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0