Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты

Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты

Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін Қазақстан теннис федерациясы ұсынған сыйақыдан бас тартты.

Спортшы жеңіп алған ақшасын қайырымдылыққа бергісі келеді. Бұл туралы Матч ТВ-ға федерацияның вице-президенті Юрий Польский мәлімдеді.

- Біз Еленаны қаржылай ынталандырғымыз келген, бірақ ол бас тартты. Оның үстіне ол жүлдесінің бір бөлігін Қазақстанда юниорларды қолдауға және қайырымдылыққа жұмсағысы келеді, - деді Польский.

Еске салсақ, 9 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон финалында әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді. Кездесу 1 сағат 50 минутқа созылды.

23 жастағы Елена Уимблдон тарихындағы ең жас жеңімпаз атанды.<br />Теннисші Уимблдондағы жеңісі үшін 2 млн фунт стерлинг (1,1 млрд теңге) алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или