«Жетісу» ФК бапкерлер штабында өзгерістер болды

«Жетісу» ФК бапкерлер штабында өзгерістер болды

«Жетісу» футбол клубының бапкерлер штабында жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас бапкердің көмекшісі болып Несіпбаев Ерлан Нұрәділұлы тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін «Жетісу» футбол орталығында бапкер болған.

«Жетісу» командасының сарапшы-бапкер қызметіне бұған дейін «Хан-Тенгри» командасының бас бапкерінің көмекшісі болған Рамиль Анварханұлы Акбаров тағайындалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0