Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ: 1/4 финалдағы кездесулердің тікелей трансляциясы

Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ: 1/4 финалдағы кездесулердің тікелей трансляциясы

16 мамырда бокстан әйелдер арасында Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының ширек финалы өтеді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалға жолдама алу үшін алты қазақстандық боксшы рингке шығады. Олардың қатысуымен өтетін жекпе-жектердің кестесі келесідей:

Күндізгі сессия. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де
48 келіге дейін. Ниту Ниту (Индия) – Алуа Балқыбекова (Қазақстан)
52 келіге дейін. Елена Савчук (Италия) – Жәйна Шекербекова (Қазақстан)
57 келіге дейін. Карина Ибрагимова (Қазақстан) – Микаэла Уолш (Ирландия)
70 келіге дейін. Кэй Фрэнсис Скотт (Австралия) – Валентина Хальзова (Қазақстан)
81 келіге дейін. Гүлсая Ержан (Қазақстан) – Габриэле Стонкуте (Литва)

Кешкі сессия. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де
54 келіге дейін. Елена Зекич (Сербия) – Дина Жоламан (Қазақстан)

2022 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық кездесулерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Фото kfb.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или