Левандовски «Бавариядан» кететінін мәлімдеді
«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски өзінің болашағы туралы сұраққа жауап берді.
«Мен жаңа келісімшартқа отырмаймын. Біз екі тарап үшін де оңтайлы шешім табуымыз керек. Мен клубқа ұсыныс түссе, оны қарастыру керектігін айттым. Мен үшін ғана емес, клуб үшін де.
Бұл менің Бавария сапындағы соңғы ойыным болса керек. Нақты айта алмаймын, бірақ солай болуы мүмкін», - деп келтіреді журналист Фабрицио Романо Левандовскийдің сөзін.
33 жастағы Левандовски осы маусымда «Бавария» сапында барлық жарыстарда 46 матч өткізді. Ол 50 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или