Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болатынын растады

Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болатынын растады
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Шахтёрдің» бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісіChampionat.com сайтына сілтеме жасап.

«Иә, Қазақстан құрамасының тізгінін ұстадым деп айтуыма болады. Келісімшарт жасалды ма? Әзірше жоқ. Бірақ бірсігүні федерация өкілдерімен кездесуде қол қоямыз деп келістік. Қарағандылық «Шахтёрде» қаламын ба? Келісімшарт жасасқаннан кейін талқылаймыз. «Шахтёр» басшылығымен де, Қазақстан футбол федерациясымен де сөйлесеміз», — деді Адиев.

Магомед Адиев қазір қарағандылық «Шахтёрді» жаттықтырады. Бұған дейін Адиев махачкалалық «Анжи», «Легион Динамо», нижегородскілік «Волга» мен «Чайканы» жаттықтырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер