Нұрмахан Тінәлиев – екі дүркін Азия чемпионы

Қазақстандық Нұрмахан Тінәлиев грек-римнен екінші рет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

130 келіде өнер көрсететін отандасымыз Дохада өтіп жатқан Азия біріншілігінде алтынмен апталды. Ақтық белдесуде Нұрмахан қытайлық Каунг Менгті 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрмахан Тінәлиев 2013 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или