ММА

Арман Оспановтың келесі қарсыласы анықталды

Арман Оспановтың келесі қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жектен Eagle FC лигасы 28 қаңтарда Майамиде (Флорида, АҚШ) өтетін EFC 44 турниріне екі жекпе-жек қосты, оның біріне қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) қатысады, деп жазады Prosports.kz.

Оспановтың қарсыласы кикбоксингте Гига Чикадзені жеңіп шыққан әйгілі француздық Дилан Сальвадор (4-1) болмақ. Жекпе-жек елорда уақыты бойынша 29 қаңтар күні таңертең өтеді.

Арман Оспанов осыған дейінгі жекпе-жегін маусым айында Нью-Джерсиде (АҚШ) PFL 4 турнирінде өткізіп, америкалық Крис Уэйдті (20-7) екінші раундта нокаутқа түскен болатын. Желтоқсан айында Оспанов Дамир Исмағұловпен (23-1) грэпплинг ережесі бойынша жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен одан жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер