Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы Молдаваға қарсы матчтары қашан өтетіні анықталды

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы Молдаваға қарсы матчтары қашан өтетіні анықталды

UEFA Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының плей-офф аясында Молдоваға қарсы матчтарының күні мен уақытын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

UEFА белгілеген кестеге сәйкес, командалар 2022 жылдың 24 наурызында сағат 19:00-де «Зимбру» стадионында бірінші матчты өткізеді.

Қарымта кездесу 2022 жылдың 29 наурызында Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында сағат 17:00-де өтеді.

Бұл кездесулердің жеңімпазы 2022-23 маусымында УЕФА Ұлттар лигасының С лигасындағы орнын сақтайды, ал жеңілген команда D лигасына қалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0