Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігін Нұр-Сұлтан қаласы қабылдайды
Күрес түрлерінен 2021 жылғы Қазақстан біріншілігінің өтетін мерзімі анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Ұлттық чемпионат 07-12 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтандағы "Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек" сарайында өткізіледі.
18 жасқа толмаған спортшылар UWW ережесі бойынша дәрігердің медициналық анықтамасы және ата-анасының қолхаты арқылы жарысқа қатысады.
Турнирді алдымен еркін күрес шеберлері бастайды. Кейін әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталса, грек-рим күресінің өкілдерін чемпионат шымылдығын жабады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или