Велоспорт

Қазақстан спортшылары Қырғызстандағы спринттен Азия чемпионатында бақ сынайды

Қазақстан спортшылары Қырғызстандағы спринттен Азия чемпионатында бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Сайысқа Бруней, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, БАӘ, Палестина, Өзбекстан мен Жапониядан келген и Японии Elite және U15 санаттарындағы 60 спортшы қатысқалы отыр.

Elite спортшылары спринт қашықтығын (750 м жүзу, 20 км вело, 5 км жүгіру) бағындыратын болса, юниорлар суперспринтте (300 м жүзу, 8 км вело, 2 км жүгіру) бақ сынамақ. Elite санатындағы ерлер арасында еліміздің атынан Аян Бейсенбаев, Дарын Қонысбаев, Мейірлан Ысқақов, Темірлан Теміров және Әнуар Турубаев; әйелдерде – Екатерина Шабалина, Надежда Бекмаганбетова, Юлия Озерова мен Дарья Бычкова шықпақ.

Жасөспірімдер санатында көк ту астында сайысқа Тимур Бакиров, Станислав Глок, Никита Дубинский мен Алинаби Маралбеков, қыздарда Диана Ержанова, Вероника Иваньюк пен Ангелина Редченко түседі.

Бірінші болып сайысты жергілікті сағат 08.00 Elite әйелдері бастаса, ерлер – 11.00 сағ., U15 ерлер – 13.20 сағ., U15 қыздар – 14.10 сағ. сайысқа түседі. Сайыстың басты техникалық делегаты – халықаралық екінші дәрежелі төреші Kyung Sook Kim (Корея).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер