Қазақстандық боксшы Африка чемпионын жеңіп, титул иеленді

Қазақстандық боксшы Африка чемпионын жеңіп, титул иеленді

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (5-0, 4 КО) Нұр-Сұлтандағы «Көшпенділер шайқасы - 2» кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы ганалық тәжірибелі Исаак Сакей болды. Сакей кәсіпқой рингте 27 жекпе-жек өткізіп, оның 25-інде жеңіске жеткен. Бір кездесуде тең түсіп, бір жекпе-жекте жеңіліп қалған. Ол - WBO тұжырымы бойынша Африка чемпионы.  

Павлов пен Сакей екінші жеңіл салмақта WBA International тұжырымы бойынша аймақтық белбеуді сарапқа салды. Қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или