Теннис

Кирилл Герасименко Қарағандыдағы халықаралық турнирге қатысады

Кирилл Герасименко Қарағандыдағы халықаралық турнирге қатысады
news-banner7
mobile-news-top

15 қыркүйекте Қарағандыда Saryarka үстел теннисі орталығында 2021 ITTF Kazakhstan International Open халықаралық турнирі басталады.

Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Белоруссия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстаннан 70-тен астам спортшы өнер көрсетеді және олардың арасында кез-келген жарысты тек бір ғана қатысумен безендіре алатын атақты теннисшілер бар. Танысыңыз, Павел Платонов (Беларусь) - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еуропа чемпионаттарының алты дүркін жүлдегері, ITTF халықаралық турнирлерінің жеңімпазы және жүлдегері, Беларусь Республикасының бірнеше дүркін чемпионы.

Кирилл Герасименко (Қазақстан) - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Австрия, Хорватия, Венгрия, Польша, Таиланд, Испанияда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, Нанкиндегі ІІ жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасының (Қытай, 2014), Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиада ойындарының (Бразилия, 2016), Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының (Жапония, 2020) қатысушысы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер