Қазақстан құрамасының үш негізгі футболшысы жарақат алып қалды

Қазақстан құрамасының үш негізгі футболшысы жарақат алып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының маңызды үш ойыншысы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Босния және Герцеговинаға қарсы матчқа қатыспауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

- Қазақстан – Украина матчынан кейін Руслан Валиуллин мен Марат Быстров жарақат алғаны белгілі болды. Медициналық тексерістен кейін олардың Босния құрамасына қарсы матч өткізуі неғайбыл болып отыр. Марат Быстровтың өкшесі қатты зақымдалған. Ал Руслан Валиуллиннің сіңірі созылып кеткен.

Финляндия - Қазақстан матчы кезінде Абат Айымбетов иығын жарақаттап алған. Бұл жарақат осыған дейін де шабуылшыны мазалап жүрген еді.

Аталған үш ойыншының ертеңгі матчта алаңға шығуы белгісіз болып тұр. Команда дәрігері ертең ойын алдында нақты шешімін айтады, - делінген ресми хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер