Рамазан Оразов: Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ойнаймыз

Рамазан Оразов: Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ойнаймыз
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Финляндиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

- Рамазан, алдағы матч жайлы қандай пікір білдіресіз?

- Біз өз алаңымызда Украинаға қарсы тамаша матч өткіздік. Одан кейін ұзақ жол жүрдік. Алдағы қарсыламыздың қандай команда екенін білеміз. Жоғары деңгейдегі футболшылар жинақталған. Бірақ біз жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ойнайтын боламыз. Бізді қызық ойын күтіп тұр.

- Финляндия құрамасындағы үлкен қауіп тудыратын ойыншыларды атай аласыз ба?

- Бұл жоғары деңгейдегі футболшылардан құралған команда. Мен олардың орталық шабуылшысы Тьему Пуккиді ерекше атап айта аламын. Ол футболшыны көп жанкүйерлер біледі. Және Камара дейтін жартылай қорғаушысы да жақсы ойнайды.

- Украинамен тең ойнадыңыздар. Бұл сіздердің көңіл-күйлеріңізге қалай әсер етті?

- Бұл біздің психологиямызға жақсы әсерін тигізді. Себебі мықты командамен тең ойнадық, соңғы минуттарда гол соқтық. Эмоцианалды ойын болды. Бірақ мұның бәрі артта қалды. Біз ертеңгі ойынға дайындалудамыз.

Түпнұсқасы: kff.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0