ММА

Агапова UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтты

Агапова UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм парақшасында жазды.

«Бұл менің физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушым Ахмед. Ол әрі диетологым. Ол менің жақсы физикалық формада болуыма, салмағымды сақтауға көмектеседі. Бүгінгі жұмыс үшін рақмет. Жекпе-жекке жеті апта қалды. Жекпе -жекті жақсы өткізу үшін жаттығуды күшейте түсеміз», - деп жазды Мария.

Айта кетейік, Агапованың кезекті жекпе-жегі 10 қазанда өтеді. Оның қарсыласы колумбиялық Сабина Мазо болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер