«Црвена Звезда» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы

«Црвена Звезда» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан уақытымен 28 шілдеден 29 шілдеге қараған түні алматылық «Қайрат» Белградта жергілікті «Црвена Звездаға» қарсы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір апта бұрын алматылықтар өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Келесі кезеңге өту үшін «сары-қараларға» ең кемі жеңілмеу керек.

Алайда, «Қайрат» командасына коронавирус жұқтырып алған негізгі қақпашы Стас Покатилов көмектесе алмайды. Ғафуржан Сүйімбаев, Небойша Косович секілді мықты футболшыларымыз да Белград алаңында өнер көрсетпейді.

«Црвена Звезда» - «Қайрат» матчының тікелей көрсетілімі елорда уақытымен 0: 0-да басталды. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.

«Қайрат» Сербияда Залатан Ибрагимовичтің көмегін пайдалана ала ма?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер