Футбол

Дубайич «Ақтөбеден» кеткенен соң жаңа клуб тапты

Дубайич «Ақтөбеден» кеткенен соң жаңа клуб тапты
news-banner7
mobile-news-top

Сербиялық шабуылшы Боян Дубайич «Ақтөбеден» кеткен соң жаңа клуб тапты, деп хабарлайды prosports.kz.

Футболшы мансабын Кипрде «Эносис» командасында жалғастырады. Бұл туралы клубтың Facebook парақшасында хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, Боян Дубайич «Ақтөбе» сапында осы жылдың ақпаннан айынан бастап ойнайды.

Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымында ол 15 матч өткізіп, үш гол соғып, бір пас берді.

Қазіргі уақытта Transfermarkt.de сайты 30 жастағы шабуылшыны 150 мың еуроға бағалап отыр.

«Ақтөбе» ҚПЛ-да19 турдан кейін 23 ұпай бар және турнир кестесінде 10 орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер