ММА

Морозов UFC-дегі екінші жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Морозов UFC-дегі екінші жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық UFC файтері Сергей Морозов UFC Fight Night турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп жазады Prosports.kz.

Морозов 17 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) ливандық неміс Халид Тахиге (13-3) қарсы кездесу өткізеді.

Салмақ өлшеу нәтижесі бойынша қазақстандық спортшы қарсыласынан 226 грамм жеңіл болып шықты - 61.235 келі. Ал қарсыласы таразыда 61.461 келіні көрсетті. Екі файтер де өз салмақ дәрежесінің шегін сәтті орындады.

Айта кетейік, отандасымыз UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Умар Нурмагомедовтен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер