ММА

UFC 264 турнирінде Трамп, Гибсон, Дюрант пен Кардашьян қонақ болады

UFC 264 турнирінде Трамп, Гибсон, Дюрант пен Кардашьян қонақ болады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп, Голливуд актері Мел Гибсон, әнші Джастин Бибер және басқа да жұлдыздар Конор Макгрегор мен Дастин Порьенің үшінші жекпе-жегін залдан тамашалайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы UFC президенті Дана Уайтқа сілтеме жасап, журналист Аарон Бронстетер мәлім етті.

UFC 264 ұйымдастырушылары жекпе-жекке әзілкеш Дейв Шаппелл, NBA чемпионы Кевин Дюрант, америкалық футбол ойыншысы кіші Оделл Бекхэм, актриса Меган Фокс, фотомодель Кортни Кардашьян мен басқа да кино және шоу-бизнес жұлдыздары келеді деп күтіп отыр.

Еске салайқы, UFC 264 турнирінің басты жекпе-жегінде Конор Макгрегор мен Дастин Порье кездеседі. Шоу Қазақстан уақытымен 11 шілдеде түнде Лас-Вегаста өтеді. Бұл турнирде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов та өнер көрсетеді, оның қарсыласы америкалық Джером Ривера болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Конор Энтони Макгрегор

Конор Энтони Макгрегор

Макгрегор үздік сәттер, бәс тігу. Жекпе-жекті онлайн көру. Болжам қандай?

Пікірлер 0