Бокс

Костя Цзю: Менің ұлым Головкинмен жекпе-жек өткізуге әлі дайын емес

Костя Цзю: Менің ұлым Головкинмен жекпе-жек өткізуге әлі дайын емес
news-banner7
mobile-news-top

Аңызға айналған боксшы Костя Цзю ұлы Тимнің қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Тим Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты? Мұндай ақпаратты еш жерден көрген жоқпын. Тіпті бұрын-соңды естімедім десем де болады. Біз күн сайын телефонмен сөйлесеміз. Бұл туралы мүлде әңгіме болған жоқ. Олар әртүрлі салмақ дәрежесінде. Оның үстіне Гена мықты боксшы. Тим Головкинмен жекпе-жек өткізуге әлі дайын емес. Дәл қазіргі сәтте дайын емес», - деп келтіреді Костя Цзюдің сөзін «Чемпионат» басылымы.

Айта кетейік, жақында Тим Цзю Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуді армандайтынын айтқан болатын.

Билли Джо Сондерс: Головкин бірінші жекпе-жекте Канелоны жеңді

Тағы да ковид пе? Тұраров пен Ербосынұлы маңызды жекпе-жегін өткізеді алмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер