Бокс

Тағы да ковид пе? Тұраров пен Ербосынұлы маңызды жекпе-жегін өткізеді алмады

Тағы да ковид пе? Тұраров пен Ербосынұлы маңызды жекпе-жегін өткізеді алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық танымал боксшылар Жанқош Тұраров пен Айдос Ербосынұлы коронавирусқа байланысты жекпе-жек өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

3 сәуірде Дубайда Жанқош ұлыбританиялық Тайрон Маккеннамен жекпе-жек өткізуі керек болған. Жанкүйерлер де асыға күтті. Тұраров БАӘ-ге ұшып барды, кездесуге санаулы күндер қалған. Бірақ мәселелер қазақстандық боксшы салмақ өлшеу процедурасына келмеген соң басталды.

Жекпе-жек күні Жанқош коронавируспен жұқтырғанын, сондықтан Маккеннамен жекпе-жек өтпейтінін мәлімдеді. Ұлыбританиялық боксшының еңсесі түсті, оны түсінуге де болады. Тұраровтың айтуынша, COVID-19 одан Дубайда анықталған. Екінші сынақ та оң нәтиже көрсетіпті.

Қазір боксшының жағдайы жақсарды. Әмірліктерде карантинде болды. Жанқош рингке қашан оралатыны белгісіз. Бірақ боксшы бір жарым жылдан бері рингке шықпады. Маккеннамен жекпе-жек Тұраров үшін өзін қайта көрсетуге және әлемдік рейтингте көтерілуге ​​тамаша мүмкіндік болған.

Өткен күндердің ең өкінішті жаңалығы - 17 сәуірде Карлсруэде өтуі керек болған Айдос Ербосынұлы мен Евгений Шведенко арасындағы жекпе-жек болмауы. Бұған қазақстандық боксшыдан анықталған коронавирус себеп болды.

Рас, ресейлік боксшының командасы бұл жаңалыққа бірден сенбеді, Айдос жекпе-жекпен қашып отырғанын меңзеді. Оларға Ербосынұлының Германияға Түркия мен Қазақстан арқылы транзиттік сапармен жетуі күмәнді көрінген.

Бұл жекпе-жек екі боксшы үшін де өте маңызды болды. Себебі қазір американдық Калеб Плантқа тиесілі орта салмақтағы IBF белбеуіне міндетті үміткер мәртебесі сарапқа салынатын. Сондықтан, мұнда Шведенконың неге көңіл-күйі түскенін түсінуге болады.

Бір қызығы, Айдос бұл кездесуге Бадди Макгирттің басшылығымен АҚШ-та дайындалды. Бәрі жоспар бойынша келе жатқан, қазақстандық боксшы жарақат та алмады. Бірақ, амал не, Ербосынұлы коронавирусқа тап болды.

Бұл жекпе-жек кейін бола ма, жоқ па, оны айту қиын. Евгений Шведенко Ербосынұлының сауығып кетуін күтпейді және IBF рейтингінің ТОП-10 тізіміне кіретін боксшымен жекпе-жек өткізетін шығар.

Қалай болғанда да, біз боксшыларымызға денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тілейміз. COVID-19 кесірінен Жанқош Тұраров пен Айдос Ербосынұлы өткізетін екі жекпе-жекті көре алмайтынымыз өкінішті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер