Бокс

Билли Джо Сондерс: Головкин бірінші жекпе-жекте Канелоны жеңді

Билли Джо Сондерс: Головкин бірінші жекпе-жекте Канелоны жеңді
news-banner7
mobile-news-top

WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс мексикалық Сауль Альварестің қатысуымен өткен даулы жекпе-жектер жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.

Еске сала кетейік, 8 мамырда Американың Техас штатында Сондерс Канеломен (WBC/WBA чемпионы) жекпе-жек өткізеді.

«Канело телекөрсетілім мен промоутерден көп ақша табады. Ол көпшілік үшін әрқашан фаворит. Егер ол мені нокаутқа түсірсе немесе әділетті түрде жеңсе, оның қолын қысамын. Бірақ Канело мен Мейвезердің жекпе-жегіндегідей төрешілердің болғанын қаламаймын.

Жекпе-жек тең деңгейде өтсе, Альварес фаворит болып шығады. Бұлай болмауы керек. Мықтылар жеңуі керек.

Головкин бірінші жекпе-жекте Канелоны жеңді, екінші жекпе-жек тек деңгейде өтті. Ал Мейвезер Саульді сенімді түрде жеңген, бірақ төрешілердің екеуі ғана жеңісті оған берді.

Мен мұндай әділетсіздік болғанын қаламаймын. Себебі мұның бәрі сыбайлас жемқорлыққа ұқсайды. Өкінішке орай, мен ринг сыртында не болатынын білмеймін», - деді Сондерс британиялық БАҚ-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жекте тең нәтиже тіркелді. Ал екінші жекпе-жекте Канело төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер