Футзал

Қазақстан құрамасы жеңілісті білмейді, тағы бір қарсылас тізе бүкті

Қазақстан құрамасы жеңілісті білмейді, тағы бір қарсылас тізе бүкті
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы кезекті ірі жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Израильге қарсы матчта Қазақстан құрамасы 4:1 есебімен жеңді. Қазақстандық команда сапынан негізгі құрамда Тайнан, Ақбалықов, Есенаманов мен Тұрсағұлов шықты. Ал қақпада әдеттегідей Игита тұр.

Қазақстан құрамасы Изралильге қарсы екі ойынды да Нұр-Сұлтанда өткізіп жатыр - себебі қаңтарда израильдік тарап матчты өз алаңында карантинге байланысты өткізе алмаған.

Бүгінгі ойында Тайнан 17-минутта есеп ашты. Қазақстан үзіліске дейін тағы екі гол соқты. Жомарт Тоқаев дубль жасады.

Екінші тайм басталған бойда Тайнан есепті 0:4 қылды.

Артынша Израиль бір голмен жауап қатты - қақпасынан алысқа шығып кеткен Игита қайтып үлгермеді. Қорытынды есеп - 4:1.

Бұл матч Қазақстан үшін маңызды болмады. Себебі Будапештте Венгрияға (6:1) қарсы ойыннан кейін Қазақстан ЕУРО-ға жолдама алып қойған.

11 сәуірде Қазақстан мен Израиль екінші рет ойнайды. Бұл ойында отандық футзалдың үздік ойыншыларының бірі Серік Жаманқұлов құрамадағы соңғы матчын өткізбек.

2022 жылғы Еуропа чемпионаты Нидерландта өтеді.

Еуро-2022. Іріктеу. 5-топ

Израиль - Қазақстан - 1:4 (0:3)

Голдар: Школьник - Тайнан (2), Тоқаев (2)

9 сәуір. Нұр-Сұлтан. «Сайран-Арена». Матч көрерменсіз өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер