«Қайрат» Қазақстан Суперкубогында үшінші орын алды

«Қайрат» Қазақстан Суперкубогында үшінші орын алды

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Суперкубогының үшінші орын үшін өткен матчында қарағандылық «Шахтерді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz

<span>Матчтың бірінші таймында есеп ашылған жоқ. 51-минутта Жанәли Пайруз гол соғып, «кеншілерді» алға шығарды. </span>

<span>Ал кейін алматылық клуб есепті теңестіре алды. 63-минутта қорғаушы Денис Поляков қанжығасын майлады. Матч соңына қарай Вагнер Лавтың пасынан кейін Штрели Мамба гол соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 2:1. </span>

<span>Енді ертең ел Суперкубогын елордалық «Астана» мен қостанайлық «Тобыл» сарапқа салады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или