«Астана» Қазақстан Суперкубогының финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Астана» мен «Шахтер» Қазақстан-2021 Суперкубогының жартылай финалында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордалықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Жарко Томашевич мен Тигран Барсегян мергендік танытты.
«Астана» Суперкубоктың финалына шықты.
Қазақстан Суперкубогы. 1/2 финал.
«Шахтер» 0-2 «Астана» (0-1)
Гол соққандар: Томашевич 18, Барсегян 73.
2 наурыз. Түркістан. Түркістан аренасы.
Айта кетейік, екінші финалист ертең, 3 наурызда «Тобыл» - «Қайрат» матчында белгілі болады.