Ресейліктер қазақстандық футболшылардың трансферіне күмәнмен қарап жатыр

Ресейліктер қазақстандық футболшылардың трансферіне күмәнмен қарап жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Ресей клубтары осы трансферлік терезеде қазақстандық футболшыларды белсенді түрде өз қатарына қоса бастады. Біз өз футболшыларымыздың ҚПЛ-дан гөрі мықты саналатын РПЛ-ға ауысқанына қуаныштымыз. Бірақ ресейлік блогерлер мен журналистер олардың трансферінің тазалығына күмән тудырды. Қазақстандық футболшылар арқылы кейбіреулер ақша жымқырып отыр деген де ой айтылып жүр, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Мутко против» телеграм-каналы бірінші болып өз ақпаратын ортаға жайып салды. Олардың мәліметінше, Дмитрий Шомко мен Алексей Щеткин айына 1 миллион 350 мың рубльдік келісімшартқа отырған. Біздің ақшамен 7,6 миллион теңгеден асады. Бірақ бұл сомманың біраз бөлігі футболшылардың трансферін жүзеге асыруға көмектескен адамдардың қалтасына кететін көрінеді.

Бұлай ойлаудың басты себебі - команданың қалған мүшелерінің жалақысы. Дәлірек айтсақ, ресейлік ойыншылар. Жергілікті футболшылар орташа есеппен 400-500 мың рубль алады (2,2-2,8 миллион теңге).

Шетелдіктер футболшылар ғана жоғары жалақы алады екен. Грузиялық легионерлер мен «Қайраттан» жалға алынған Кирилл Колесниченко осы сомадан әлдеқайда көп ақша алады. Шомко мен Щеткин келгенге дейін «Ротордың» ең көп жалақы алатын ойыншысы грузин Джано Ананидзе болды (1,7 миллион рубль немесе 9,6 миллион теңге). Бірақ ол бірде-бір ойынға шықпай, командадан кетті.

Қазір Абат Айымбетовтің трансфері күдікке ілінді. Бұл тақырыпты «Инсайды от Карпа» телеграм-арнасы қолға алды. Бастапқыда, автор өзінің қазақстандық әріптесі Айдын Қожахметтің ақпараттары шындыққа жанаспайтынын жазды. Отандық инсайдер шабуылшыны тулалық «Арсенал» өз қатарында көргісі келетінін жазған еді. Бірақ Айымбетов «Арсенал» сапында тағы бір қаралымға бармай, «Крылья Советов» командасымен келісімшартқа отыруды жөн көрген.

Алайда, Карп «Арсенал» ешқашан Айымбетовқа қызықпағанына сенімді. Дәлел ретінде ол тулалық клубтың спорт директоры Андрей Рудаковтың сөзін келтірді.

- Баспасөзде шындыққа сәйкес келмейтін көптеген ақпарат пайда болды. Мен бұл ойыншы туралы естідім, бірақ оны біз ешқашан көрмедік. Менің ойымша, мұның бәрі тек пиар.

, – деп Рудаков төтесінен айтты.

Карп мынадай қорытындыға келеді: Айымбетовты «Крылья» сапына жоғары жалақы төлетіп отыру үшін әдейі қосқан. Ал Қожахмет алаяқтыққа ақпараттық қолдау көрсетті деген болжам бар. Немесе оған осы жалған ақпаратты жеткізген адамдардың осындай ниеті болған.

Сәл кейінірек Карп нақты сандарды көрсетті. Оның айтуынша, Абаттың келісімшартында 500 мың рубль жалақы + 500 мың сыйақы (яғни айына 1 миллион) схемасы бойынша жалақы тағайындаған. Бұл командадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сондай ақ, келісімшартқа қол қойғаны үшін 8 миллион рубль алады және маусым соңында команда РПЛ-ға шықса тағы 8 миллион алады (қазір команда ҰФЛ-да екінші орында). Барлығы: алты ай ішінде 20 миллион рубль (110 миллион теңгеден астам).

«Айымбетов РПЛ клубтарына қажет болмай қалды. Олай болса, оған неге мұндай жоғары жалақы тағайындалды? Демек, біреулердің бұл трансферде қызығушылығы бар» - дейді Карп.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер