Зара Даркен SMENA CUP турнирінің жартылай финалына шықты

Минскіде биылғы жылдың алғашқы SMENA CUP халықаралық жасөспірімдер турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

SMENA CUP - жасы 14-тен аспайтын жасөспірім ұл-қыздар арасындағы Tennis Europe екінші санатты турнирі.
1/4 финал ойындарының қорытындысы бойынша, осы жарыстың бірінші ракеткасы қазақстандық теннисші Зара Даркен жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда Зара екі сетте 6:1, 6:1 есебімен беларусьтік Алина Буршты оңай жеңді. Ертең қазақстандық теннисші беделді жарыстың финалына шығу үшін тағы бір Беларусь өкілі Полина Кухаренкомен кездеседі.

Еске сала кетейік, Зара Даркен украиналық Ева Галевскаямен жұптық сынның финалында Марта Мельниченок/Александра Слахаеваға (Беларусь) қарсы ойнайды.