Бокс

WBO: Әлімханұлы, Ислам және Ербосынұлы үздік ондыққа енді

WBO: Әлімханұлы, Ислам және Ербосынұлы үздік ондыққа енді
news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингісіндегі үздіктер тізімінде қазақстандық 4 боксшының аты аталды, деп жазады Prosports.kz.

Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы (WBO Global белбеуінің иегері) төртінші орында тұр. Бұл салмақта WBO чемпионы - британиялық Билли Джо Сондерс. Желтоқсан айында эквадорлық Карлос Гангорға есе жіберген Әли Ахмедов ТОП-15 тізімін түйіндеп тұр.

Жәнібек Әлімханұлы (WBO Global белбеуінің иегері) орта салмақта үшінші орында тұр. Бұл салмақттың чемпионы америкалық Деметриус Андраде. Ал тағы бір қазақстандық боксшы Қанат Ислам төртінші сатыға жайғасқан. Алдағы уақытта титулды жекпе-жек өткізуге қазақстандық екі боксшының да мүмкіндігі жоғары.

Айта кетейік, тарихта ешбір қазақстандық боксшы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) чемпиондық белбеуіне ие болған емес.

GGG жеңіспен оралды, Ахмедов өз тактикасынан «таяқ жеді»

Головкин жоқ. «Канелоның» бапкері келесі қарсыластарын атады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер