ММА

Қазақстандық файтер Хабибтің промоушенімен келісімшартқа отырды

Қазақстандық файтер Хабибтің промоушенімен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

Arlan MMA Pro кәсіби қазақстандық командасы Instagram-дағы парақшасында Жасұлан Әкімжанның EFC-мен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әкімжан - Arlan MMA Pro мүшесі.

Оның жаңа келісімі 4 шайқасқа есептелген. Ол келесі жылдан бастап Eagle Fighting Champrionship жарыстарына қатыса бастайды. Еске салайық, промоушн Хабиб Нурмагомедовке тиесілі.

Жасұлан бұдан бұрын EFC-де өнер көрсеткен. Оның соңғы жекпе-жегі 5 желтоқсанда EFC 30-да өтті. Жеңіл салмақта (66 кг) Әкімжан ресейлік Тимур Акабамен (3-2) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Әкімжанның пайдасына аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер