Бокс

Рекорд. Головкин титулдарын 21-рет қорғап қалды

Рекорд. Головкин титулдарын 21-рет қорғап қалды
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі 41-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Головкин Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде польшалық Камил Шереметамен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде Головкин өзіне тиесілі титулдарын қорғады.

Головкин алғашқы раундан бастап басымдықты қолына алды. Бірінші раундтың соңына қарай ол польшалық боксшыны нокдаунға түсірді. Екінші раундта да Шеремета бір құлап алды. Төртінші раундта поляк тағы да ауыр соққы алып, төреші есеп ашты. Бірақ Шеремета кездесуді жалғастыра алды.

Жекпе-жек 7 раундта аяқталды. Головкин қарсыласына ауыр соққы жасаған, польшалық боксшы 7-раундта нокдаунға түскен. Кейін кездесуді жалғастырудан бас тартты - техникалық нокаут.

Осылайша, Головкин 41-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 36-сын нокаутпен тәмамдап отыр. Еншісінде бір тең есеп пен бір жеңіліс бар.

Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жектен кейін орта салмақта титул қорғау бойынша рекордын орнатты. Бұған дейін америкалық Бернард Хопкинс әлем чемпионы титулын 20 рет қорғап, рекорд қойған еді. Ал Головкин бүгін титулдарын 21-рет қорғап қалды.

Польшалық боксшы болса, карьерасында алғаш рет қарсыласына жол берді. Бұған дейін Шеремета 21 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Бес рет нокаутпен жеңген болатын.

Әли Ахмедов титулды жекпе-жекте нокаутпен жеңілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер