Бокс

Әли Ахмедов титулды жекпе-жекте нокаутпен жеңілді

Әли Ахмедов титулды жекпе-жекте нокаутпен жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Әли Ахмедов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп, әлем чемпионы атана алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ахмедов Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) эквадорлық Карлос Гангорамен жұдырықтасқан. Боксшылар екінші орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салды.

Қазақстандық боксшы жекпе-жектің белсенді болды. Бірақ соңына қарай Гангора белсендірек әрекет ете бастады. Соңғы раундта Гангора Ахмедовті нокдаунға түсірді. Ал көп ұзамай эквадорлық боксшы қазақстандықты нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды.

Ахмедов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін 16 кездесуде жеңген, оның 13-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал Карлос Гангора 19-шы кездесуінде жеңіске жетті. Оның 14-ін нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Геннадий Головкин мен Камил Шеремета арасындағы бокс кешінің андеркардында өткен болатын. Әли Ахмедовтің кәсіпқой бокстағы шаруасымен GGG Promotions компаниясы айналысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер