АСА 115 турнирінің толық карды анықталды

АСА 115 турнирінің толық карды анықталды

АСА 115 турнирінде сегізбұрышқа шығатын барлық файтердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталмыш кеште екі бірдей қазақстандық файтер жекпе-жек өткізеді. Евгений Егембердиев UFC-дің бұрынғы файтері Люк Барнатпен кездессе, Нұрсұлтан Қасымханов ресейлік Әлихан Сүлеймановқа қарсы шығады. 

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Магомед Исмаилов UFC-де жұдырықтасқан Иван Штырковпен кездеседі. 

Аралас жекпе-жек кеші 13 желтоқсан күні өтеді. Турнир Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или