Азамат Бақытов Alash Pride турнирінде өнер көрсетеді

Азамат Бақытов Alash Pride турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстандық файтер Азамат Бақытов (3-0) келесі жекпе-жегінің күнін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы жекпе-жек шебері 23 желтоқсанда Алматыда өтетін Alash Pride турниріне қатысады. Алдағы іс-шарада Бақытов қырғызстандық Ринат Саякбаевпен (13-7-1) кездеседі. Үш раундтық кездесу жеңіл салмақ дәрежесінде (70 кг) өтеді.

Alash Pride турнирінде Азамат Бақытовтан тағы бірнеше қазақ спорт өнер көрсетеді. 23 желтоқсанда болашағы зор сарбазымыздың бірі Бақдос Олжабай (7-1) өнер көрсетеді. Қарсыласы қырғызстандық Адилет Нурматов (3-0) болады.

Сонымен қатар, Асхат Әкімов (5-1) те қырғыз Қаныбек Жәнібек Уулымен (11-6) кездеседі. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақта (66 кг) өтеді.

Еске салайық, алдағы Alash Pride турнирінің серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или