«Сұңқардың» мансабындағы ең жарқын сәттер
UNDERDOG спорт агенттігінің Youtube каналы қазақстандық файтер Арман Оспановтың мансабындағы ең жарқын сәттерінің жиынтығын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазіргі уақытта Arlan MMA Pro Team намысын қорғайтын 30 жастағы спортшы Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында. Ол атақты Xtreme Couture MMA спортзалында жаттығады. Оспановтың командасы UFC матчерлерімен келіссөздер жүргізіп, нәтижелі аяқтауға жақын. Қазақстандық файтер америкалық промоутердегі алғашқы кездесуін келесі жылдың басында АҚШ-тағы турнирлердің бірінде бастайды деп күтіліп отыр.
Оспанов сегізбұрышқа соңғы рет биыл наурыз айында, Алматыда өткен ACA 105 турнирінде шығып, Расул Мирзаевты нокаутқа жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или