ММА

Кирилл Хомицкий EFC 30 турнирінде Артур Гусейновтен жеңіліп қалды

Кирилл Хомицкий EFC 30 турнирінде Артур Гусейновтен жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Кирилл Хомицкий (8-2) EFC 30 турнирінің басты кардына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей астанасында жерлесіміз орта салмақта (84 келі) ресейлік Артур Гусейновпен (24-9) кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды, 36 жастағы Гусейнов нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, 25 жастағы Хомицкий мансабындағы екінші жеңілісіне және 2016 жылдың қазан айынан бергі бірінші жеңілісіне ұшырады.

Келесі жылы Кирилл Хомицкий әйгілі The Ultimate Fighter шоуының 29-шы маусымына қатысады. Шоудың түсірілімдері келесі жылдың басында Лас-Вегаста (Невада) өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер