Танымал файтер Дамир Исмағұловпен жұдырықтасқысы келеді

Танымал файтер Дамир Исмағұловпен жұдырықтасқысы келеді

Бразилиялық файтер Диего Феррейра этникалық қазақ Дамир Исмағұловпен жекпе-жек өткізуге қарсы емес, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бұл туралы спортшы Instagram-парақшасында мәлімдеді. 35 жастағы файтер UFC-де өткізген 8 жекпе-жегінің екеуінде ғана жеңілген. Ал Дамир Исмағұлов соңғы жекпе-жегін биыл жазда өткізіп, UFC-дегі үшінші жеңісіне жетті. 

Жақында Дамир Исмағұлов қазақстандық Dar Team командасымен келісімшартқа отырды. «Дамир Исмағұлов ресми түрде Dar Team командасының спортшысы атанды. Өздеріңіз білетіндй ол әлемнің үздік лигасы UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ. Қазір ол жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді», – деп жазды ұйым Instagram-парақшасында. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или