Ресми. Вагнер Лав «Қайратта» қалады

Ресми. Вагнер Лав «Қайратта» қалады

«Қайрат» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавпен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клуб ресми мәлімдеді.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 36 жастағы ойыншымен бір жылға жарамды келісімшарт жасалды. 

Айта кетейік, «Қайрат» қарашаның басында Қазақстан чемпионы атанды. Алматылық 16 жыл күткен чемпиондық атағына чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда мерзімінен бұрын қол жеткізді. 

Ал Вагнер алматылық клубқа 8 шілдеде ауысып келген болатын. Содан бері ол Премьер-лигада 13 матчқа қатсып, 7 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

<h4>Кахабер Цхададзе маусым соңында «Ордабасыдан» кетеді</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или