Бокс

Хулио Сезар Чавес: Альварес - әлемдегі ең үздік боксшы

Хулио Сезар Чавес: Альварес - әлемдегі ең үздік боксшы
news-banner7
mobile-news-top

Әлем боксының аңызы Хулио Сезар Чавес жерлесі Сауль Альваресті жер-көкке сиғызбай мақтады, деп жазады Prosports.kz.

Ол «Канелоны» әлемдегі ең үздік боксшы деп атады.

«Мен осы күнге дейін Сауль Альваресті әлемдегі ең үздік боксшы деп санаймын. Оның кімдермен жекпе-жек өткізгенін қараңыз: Флойд Мейвезер, Геннадий Головкин, Эрисланди Лара, Шейн Мосли, Дэниел Джейкобс, Сергей Ковалев және басқалар. Теренс Кроуфордты да үздік деп санаймын, оның деңгейін «Канеломен» салыстыруға болады», - деді Чавес.

Естеріңізге сала кетейік, «Канело» рингке соңғы рет өткен жылдың қараша айында шыққан. Ол кезде ресейлік Сергей Ковалевті нокаутпен жеңген еді.

Ал Чавес атаған екінші боксшы Теренс Кроуфорд келесі жекпе-жегін 14 қарашада өткізеді. Ол Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы, британиялық Келл Брукпен жұдырықтасады.

«Канелоның» келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер