Бокс

«Канелоның» келесі жекпе-жегі қашан өтеді

«Канелоның» келесі жекпе-жегі қашан өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эдди Рейносо өз шәкіртінің қашан жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Жаттықтырушының айтуынша, «Канело» биыл жыл соңында немесе келесі жылдың басында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

«Біз жаттығу жұмыстарын жекпе-жекке дайындық кезіндегідей қарқынмен жүргізіп жатырмыз. Қандай жағдай болмаса да спортзалда болуымыз керек. Жыл соңына дейін кездесу ұйымдастыра алатынымызға сенімдімін. Егер олай болмаса, онда келесі жылдың алғашқы айларында шаршы алаңға шығамыз. Бірақ біз күн сайын жаттығу залында белсенді түрде жұмыс істейміз», - Рейносо ESPN-ге берген сұхбатында.

Эдди Рейносо бұған дейін Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер