Хабиб карьерасын аяқтағаннан кейін командасына алғыс айтты

Ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтағаннан кейін командасына алғыс айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
«Бауырларым, бәрі үшін рақмет. Сендер болмасаңдар, осында ұзаққа бармас едім. Сендердің энергетикаларың мен қолдауларың мен үшін маңызды. Қатты жақсы көремін», — деп жазды<span> </span>Нурмагомедов Instagram-парақшасында.
Еске салайық, 24 қазанда UFC 254 турнирінде Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжиді жеңіп, титулын үшінші рет қорғап қалған болатын. Жеңістен кейін ол карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или