ММА

Оливейра: Рахмоновты бірінші раундта нокаутқа түсіремін

Оливейра: Рахмоновты бірінші раундта нокаутқа түсіремін
news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық файтер Алекс Оливейра (22-8-1-2) қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (12-0) қарсы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

– Рахмоновтың төбелесу мәнерін зертетп жатырмын. Біз партерде күресіп, қажет болса тіке тұрып төбелесеміз. Екеуміздің соққымыз жойқын. Бірақ мен оны бірінші раундта нокаутқа түсіріп, үздік 15 тізіміндегі спортшымен кездесемін, - деді Оливейра.

Рахмонов пен Оливейраның жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады деп жоспарланған. Тікелей эфирді мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

UFC-де дебют жасағалы отырған Шавкат Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың маусымында өткізіп, бірінші раундта бразилиялық файтер Тиаго Ласердоны (28-8-1-1) техникалық нокаутпен жеңді. Алекс Оливейра 2020 жылдың шілдесінде шайқасып, Германияның өкілі Питер Соботтадан (17-7-1) төрешілер шешімінің арқасында басым түсті.

Сондай-ақ, қазақстандық Сергей Морозов (16-4) UFC 254-те өнер көрсетуі керек еді. Алайда қарсыласы Умар Нурмагомедов (12-0) ауырып қалып, жекпе-жек өтпейтін болды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер