Сергей Морозов UFC 254 турниріне қатыспайды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов «Сарбаздар аралында» өтетін UFC 254 турниріне қатыспайды. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Морозовтың айтуынша, турнир ұйымдастырушылары оған қарсылас таба алмады.
Еске салайық, ақтөбелік жекпе-жек шебері UFC-де 24 қазанда Хабибтің немере інісі Умар Нурмагомедовке қарсы жекпе-жекте дебют жасауы керек еді. Алайда, ресейлік спортшының дене қызуы көтеріліп, Дубайда ауруханаға түсті. Умар Нурмагомедовқа аяғындағы жарақат салдарынан дамыған стафилококк инфекциясы диагнозы қойылды.
Компанияның матчмэйкерлері Сергей Морозовқа жаңа қарсылас таба алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или