ММА

Порье МакГрегормен жекпе-жек өткізуге келісті

Порье МакГрегормен жекпе-жек өткізуге келісті
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт Дастин Порье Конор МакГрегормен қайырымдылық жекпе-жек өткізуге келіскенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оларға қаңтарда жекпе-жек өткізу ұсынылды. Порье иә деді, енді біз МакГрегордың шешімін күтеміз», - деді Уайт.

Еске сала кетейік, бастапқыда Конор Порьеге 12 желтоқсанда Ирландияда шайқас өткізуді ұсынған болатын. МакГрегор Порьенің қайырымдылық қорына жарты миллион доллар аударуға уәде берді.

Еске салайық, МакГрегор мен Порье UFC 178 турнирінде кездесіп, ирландиялық бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер