ММА

АСА 111. Турнирдің үздік сәттері (видео)

АСА 111. Турнирдің үздік сәттері (видео)
news-banner7
mobile-news-top

UNDERDOG спорт агенттігі Youtube каналында ACA 111 турнирінің ең үздік сәттері түсірілген видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық үздік файтерлердің бірі Артем Резников (22-6) жартылай салмақтағы ACB ұйымының бұрынғы чемпионы ресейлік Юсуф Раисовты (16-2) жеңді.

Кештің үшінші жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта ACA рейтингінде үшінші тұрған Асылжан Бақытжанұлы Алексей Буториннен нокаутпен жеңіліп қалды.

Бастапқы кардта жартылай орта салмақтағы (77 келіде) FNG ұйымының бұрынғы чемпионы Георгий Кичигин ACA лигасындағы алғашқы кездесуін өткізіп, төрешілер шешімімен тәжікстандық Мамуржон Хамдамовтан мықты болды.

Кичигиннен басқа, қазақстандық тағы бір жекпе-жек шебері Нұрберген Шәріпов төрешілер шешімімен ресейлік Тамерлан Қулаевтан басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер