ММА

«Найман» полиция ұстаған соң мәлімдеме жасады

«Найман» полиция ұстаған соң мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Алматы полициясы басқармасына жеткізілген соң Instagram-парақшасында пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты.

– Отанымыз, халқымыз өзімізден де қымбат болуы қажет, – деп жазды спортшы.

Қуат Хамитов дезинфекциялаушыларды ұрып, тікұшақтарға оқ атуға шақырғаны үшін кеше түнде полиция басқармасына жеткізілді.

Алматы ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Хамитовтың қатысуымен зорлық-зомбылыққа шақырған бейнеролик зерттелген. Факт ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер