ММА

Джон Додсон Жалғас Жұмағұловқа жауап берді

Джон Додсон Жалғас Жұмағұловқа жауап берді
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық файтер Джон Додсон (21-12) жекпе-жекке шақырған қазақстандық Жалғас Жұмағұловқа (13-4) жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Додсон Твиттер желісіндегі парақшасында қазақстандық файтердің UFC-де тәжірибесі аз екенін айтып, жекпе-жекке шыққысы келмейтінін мәлімдеді.

«UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіңді маған қарсы өткізгің келетіні ұнайды. Бірақ маған UFC-де бірнеше жекпе-жекке шыққан файтер керек. Мені жекпе-жекке шақыру үшін көптеген фейк-аккаунт ашатын жігітті іздеп жүрген жоқпын», - деп жазды Додсон.

Негізі Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютін өткізіп қойған болатын. Ол маусымда бразилиялық Раулиан Пайвадан төрешілер шешімімен жеңілген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер