ММА

Агапова - Добсон: файтерлер жекпе-жек үшін қанша қаражат алды

Агапова - Добсон: файтерлер жекпе-жек үшін қанша қаражат алды

UFC on ESPN 15 турнирінде жекпе-жек өткізген қазақстандық Мария Агапова мен америкалық Шайн Добсонның гонорарлары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportekz.com порталына сілтеме жасап.

Агапова бұл кездесу үшін 16 мың доллар алған. Оның 12 мыңы - негізгі гонорар. Ал қалған төрт мың доллар демеушілік бонус болған.

Ал Добсон болса, бұл жекпе-жектен кейін 83 мың долларға байыған. Оның 14 мыңы - негізгі гонорар. Тағы 14 мың долларды жеңісі үшін алған, 50 мың доллар турнирдегі ең үздік өнері үшін берілген. Сондай-ақ, демеушілік сыйақы ретінде тағы 5 мың доллар алған.

Айта кетейік, 23 тамызда UFC on ESPN 15 турнирінде Агапова америкалық қарсыласынан екінші раундта жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0